Жастардың санасына жеңіске қазақ тілімен де жетуге болатыны ақырын сіңіп жатыр #Баяғыда Семейде енді журналист болып бастап жүрген кезім. Қалалық мәслихатқа келдік. Не мәселе екені есімде жоқ, әйтеуір сұхбат жинадық. Бәрі ресми тілде. Мемлекеттік тілде сөйлеуден қашады. - Апай, қазақша сөйлеп бересіз бе? - Жоқ, айттым ғой орыс. Аударып ал... - Апай, онда қазақша айтпаймын деп камераға айтып беріңізші! - Түу, өзің қоймайды екенсің! Кел, не айтып берейін? Сонда ол кісі біледі. Қазақша. Бірақ айтпайды. Санасында "орысша айттым ғой, болды емес пе?! Қазақша маңызды емес қой!" деген ой бар. Оған сенімді. Посткеңестік синдром... #Қазір Монтажсыз, ұялы телефонға түсірілген жас спортшылар "Орысша айтпайсың ба?" дегеніне қолын бір сілтеп кеткенде менсінбеушілік емес, "Қазақша айттым ғой, сол жетпейді ме?!" деген шын таң қалысты көрдім. Олар біледі. Орысша. Бірақ "Орысша маңызды емес қой?!" деген ой бар. Тәуелсіздік вирусы. Оны талай жасөспірім көріп отыр. Ағаларындай Олимп шыңын бағындырғысы келеді. Және олардың санасына жеңіске қазақ тілімен де жетуге болатыны ақырын сіңіп жатыр... РАХМЕТ АЗАМАТТАРЫМ! Алмас Тоқабаевтың Фейсбук парақшасынан алынды.

Теги других блогов: спорт қазақ тілі жастар