Жетістікке жеткен адам деген кім? – Тек кәсіпкерді ғана жетістікке жеткен адам деп айтуға болмайды? Мықты мұғалім болса, мықты ғалым болса, мықты шебер болса, міне, солар да – жетістікке жеткен адамдар. Менің бір хирург досым бар. Қаншама науқастың өмірін құтқарды. Менің ойымша, мың қызметкері бар маған қарағанда мың кісінің өмірін құтқарған сол досымның жеткен жетістігі көп. Сондықтан, кәсіпкер ғана емес, әрбір өз ісінің шеберіне айналған, көпке пайдасы тиген кісіні жетістікке жетті дей беруге болады. Сол секілді кез келген байды жетістікке жеткен деуге болмайды. Бай екен, ал не бопты бай болса? Ол байлыққа қалай жетті? Егер бірнәрсе жасап, жұртқа пайдасын тигізіп жетсе, онда оны табысты, жетістікке жеткен адам деуге болады. Ал басқаша жолмен келсе, ғафу етіңіз, онда ол адамда ешқандай жетістік жоқ, тек байлық бар деу керек. Тағы бір айта кететін нәрсе, кәсіпкер болмасаң біреуге жұмыс істейсің деген пікір де қате. Ешкім ешқашан біреуге жұмыс істемейді – өзіне жұмыс істейді. Даяшы, я дүкенші болып жүрсің бе, бәрібір өзің үшін жұмыс істеп жүрсің. Жақсы істесең, бірнәрсе үйренесің, дамисың, өсесің – өзіңе пайдалы; жаман істесең, кері кетесің, уақытыңды жоғалтасың, жұртқа сүйкімсіз боласың – өзіңе зиян. © Ерлан Әшім ("Берекелі бизнестің сыры" кітабынан үзінді) Кітап туралы білу үшін 87774857733 нөміріне жазуыңызға болады.

Теги других блогов: жұмыс жетістік кәсіпкер