Білесіз бе? Жастардың ой-өрісін басқа арнаға бұру қарқынды жүзеге асып жатыр. Оған дәлел бүгін 2-қарашада Шығармашылық академиясында өтіп жатқан "Жас Барыс" Республикалық жастар форумы. Университет факультеттің студенттерін жіберді. Келдік. Тыңдадық. Ең әуелі жетістікке жетудің 10 жолы деген Емен Әскеровтің мотивациялық тренинг сағатына 400 адам қатыстық. Тақырыбы "Социальный бизнес с нуля". Емен ағайға ең әуелі "с нулядан" бұрын қазақ тілін НӨЛден бастаған жөн екен. Қыңжылдым. Себебі "Жас Барыстар" ұлттың қамын ойлау керек. Бизнес-жеке адамның өз карьерасын құру. Өзімшілдік. Ал манағы 10 жол деген немене еді? Айтсам күлесіз. Мақсатты көздеу, қорықпау, уайымдамау, оптимизм көзқарасында болу. Мемлекеттік тіл тағы құқығын қорғай алмай 400 қазақ болып орысша дәріс тыңдадық. Одан кейін студенттерді өзінің ізденісіне қарай топтарға бөлді. Мен жаныма жақын деп БАҚ блогерлер кабинетіне кірдім. Басталды. Тағы орысша. Бір жігіт тұрып "Мұнда өзге ұлт өкілі жоқ, қазақ тілінде түсіндіре аласыз ба?" деді. Ақтөбеге "әйгілі" блогер-журналистіміз Динара Жаналина "презентация орыс тілінде болғандықтан орысша жүргіземін" деп кесіп айтты. Қайыр болғай... Енді менің ұқпайтыным мынау: неге біздің ой-өрісімізді, яғни жастардың ой-өрісін басқа арнаға бұрып жатыр? Бізге керегі жарқын болашақ құруда бизнесмен болу ма? Жоқ, ұлтты кім ойлап жатыр? Ең әуелі мұнай және газ салаларында қазақ кадрларының санын арттыру жайында неге мәселе қозғалмады? Қазба байлықтарымызды қазақтың компаниялары игерсе, міне барлық қазақ байыды деген сөз.Ойланызшы,Неге сырттағы 10 миллион қазақ жайында, неге Алаштың сойылын соғатын ұлттық партиялар құрылу, ұйымдардың жұмыс жасауы жөнінде бір ауыз сөз жоқ. Жастарға неге азаматтық позиция xақында әңгіме қозғалмайды. Неге? Себебі жастарды орыс тілі арқылы ойын өзгерту, бизнес түсіндіру арқылы өзімшілдікке үйрету, түптеп келгенде қайда жұмсаса сонда баратын, өз пікірі жоқ адамдар тобырын жасап шығару. Чарьли Чаплиннің "Ұлы Диктатор" атты киносында Гитлер мен нацизмді әжуалау арқылы Чаплин өзінің азаматтық позициясын көрсетеді. Еврей ұлтының езгізін комедия көрінісімен жеткізіп, үлкен мәселе қозғайды. Суреткердің мықтылығы сондай бір ұлттың санасын басқа арнаға бұруды, өзгертуді анық көрсетеді. Яғни Гитлер саясаты кітап оқытпау арқылы тобырлық қоғамды қалыптастыру. Концерт, ойын-думан арқылы руxаниятты мешел қылу. Экономиканың дамуына қазақ жастарының болашақта да үлес қоса алмауы әбден мүмкін. Болашақ деп сендіру арқылы бүгінді емес, ертеңді ойлап, құр армандап жүре беретін жастар тобын құрастыру. Өз ойы жоқ, жүр дегенде жүретін, қал дегенде қалатын, басқаруға өте ыңғайлы тобыр. Ал бүгінгі форум жастардың болашағын ойлады ма? Жоқ! Жоқ! Ойласа орысша шүлдірлей ме? Осы ма болашақ? Қазақ тілсіз жарқын болашақ? Форумның атын "Жас барыс" емес "Қазына іздеушілер", "Орысқа өткен бай қазақ", "Шіріген байлық", "Байлық арқылы өзгеру" деген аттар қоюды ұсынар едім. Құрметті жастар!!! Бүгіннен бастап осы жолмен, осы бағытпен кетсек, адасамыз. Себебі ұлттың болашағы xақында бір ауыз әңгіме жоқ әлі. Қазақ тілінде презентациясын жүргізбейтін Динара Жаналина мен Емен Әскеровтің ұлт болашағы үшін күрескер болулары екі талай екенің білемін. Жастар! Оянайық, бұл не? Атақ-мансап не керек? Ертеңді ойлайық. Сыртта қазақ Отанға жете алмай жүр. Атамекенді бір көрсем деп армандап жүр. Ал біз мына жақта баюды ойлап жатырмыз. Жеке баю қателік, оданда ұлттың, қазақтың экономикасын байытуымыз керек. Санамызды кірлетіп алмайық! Менің позициям осы. Әлиxан Жақсылық

Теги других блогов: продвижение SEO Google